Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Құстарды тамақтандыр" атты акция жалғасын табуда
07-04-2022 09:57

Облыстың оқу орындары арасында "Құстарды тамақтандыр" атты акция жалғасын табуда, биылғы жылы атауы " Құстар кафесі" деп өзгертілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты: қанаттыларға көмек көрсетуден басқа оқушылардың бойындағы мейірім, жауапкершілік,табиғатқа деген махаббат сезімдерін ояту болып табылады.
Сондықтан біз көктемде құстардың әнін тыңдау үшін бар күшімізді саламыз. Бұл шараның практикалық жағы, құстарға жем- су ішетін қоректендіргіштер жасау жобасынан бастау алады. Қоректенгіштер жасау барысында оқушылар әртүрлі табиғи өнімдерді, пластик, картон қағаздарды қолданады. Оқушылар бұл іске үлкен қызығушылықпен, махаббатпен,шығармашылықпен қатысты.
Бүгінгі күні бұл қоректенгіштер мектептің ауласын сәндеп тұр.
Бұл жобаның маңызды тұсы оқушылар мейірім, қамқорлық көрсетуді үйренеді.
Атап айтсақ, бұл шараға белсене қатысқан 5 "Б" сыныбының жас ұландары.
Жасалған қоректенгіштер Ауған саябағы мен мектеп ауласына орнатылды.