Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бір ел – бір кітап»
16-03-2023 12:08
«Бір ел – бір кітап»

Қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар, жазушы Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, 1965–1970 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет етеді. 1970–1977 жылдары «Жалын» Альманахында бөлім меңгерушісі, кейін бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарған. 1977–1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында Бас редактор болса, 1979–1990 жылдары Қазақстан КП ОКнде жауапты қызметте болған.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 4 «Ә» сынып оқушыларымен «Парасат майданы» атты Әдеби танымдық іс-шарасы өткізді. Бұл шарада жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, оның «Қонақтар» әңгімесі бойынша талдау жасалды. Әңгіме желісі бойынша үлкендерге құрмет көрсету, қадірлеу, сыйлау бағытындағы тәлім-тәрбиелік мақсаттағы шара өз деңгейінде өтті. Т.Әбдікұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.