Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!»
25-12-2023 11:37
«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!»

Мектебімізде «Тіл - ұлттың тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы жалғасуда. Бүгін 9 сынып оқушылары үшін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойына орай «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі және шығармашылығымен танысу, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі - өнеге тұтып, ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.
Әдеби кеш барысында оқушыларға ақынның шығармашылығы жайында слайд көрсетіліп, өлеңдері оқылды. Берілген мағлұматтар негізінде оқушылар өз ойларын постерге түсірді. Ақын аз ғұмыры ішінде қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп, елі үшін еткен еңбегі ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз.