Мемлекеттік тілде жаппай диктант
Бүгін, яғни 2024 жылдың 9 сәуірінде мектебімізде «Менің сүйікті кітабым» мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесін насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу аясында мемлекеттік тілде жаппай диктант өткізілді. Диктанттың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
Мемлекеттік тілде жаппай диктант жазуға бірінші ауысым оқушылары мен мектеп педагогтері қатысты.