Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Кішкентай ғалымдар
15-09-2011 09:33
Кішкентай ғалымдар

Бірінші зерттеулер

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі бастауыш сынып мұғалімдерін алаңдатуда. Оқушыларды табиғатты аялауға мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап тәрбиелеу керек. Табиғат әлемі балаларды мейірімді, мықты болуға тәрбиелейді. Эстетикалық талғамының, ішкі жан дүниесінің дамуына ықпал етеді.

Осы мақсатта 14 қыркүйек күні 1 «Г» сынып оқушыларымен "Қоршаған ортаны таны" атты экскурсия ұйымдастырлды. Балалар 3 "ғалымдар" тобына бөлінді. Әр топтың өзінің зерттеу обьектісі болды. Өлі, тірі табиғат құбылыстарын бақылауға үйренді. Бірінші сынып оқушыларының көзінен табиғатты қорғауға деген ықыластарының өскенін байқауға болды. Адам табиғатпен тығыз қарым-қатынаста бола тұра еліміздің нағыз азаматы болып өседі.

Экскурсия аяқталғаннан кейін әрбір топ өздерінің бақылау қорытындыларын бүкіл сыныпқа жариялады. Топтардың жұмысын балалар сурет арқылы көрсетті.

        Мен 1"Г" сынып жетекшісі ретінде мына ата-аналарға алғысымды білдіремін: Гимуранов Рамиль Семигуловичке және Мирошниченко Юрий Генадьевичке. Олар біздің "ғалымдар" тобын бақылап, қадағалап отырды.