Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
10 «А» сыныбының оқушылары :Жүзбаев Әділхан. Абылқасым Ғалия.Жумадилова Меруерт, Негрей Кристина.
21-09-2011 04:55
10 «А» сыныбының оқушылары :Жүзбаев Әділхан. Абылқасым Ғалия.Жумадилова Меруерт, Негрей Кристина.

Қыркүйектің  20-сында біз, 10 а сыныбының оқушылары  біздің сынып жетекшіміз Макеева Айнаш Қалеловна  және біздің мектеп кітапханашысы Ешова Гүлмира   мен  Қазақстан Республикасының тілдер мерекесінің қарсаңында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға бардық. Мында бізді кітапхана қызметкерлері  асқан мейіріммен қарсы алды. Алдымен бізге жалпы осы кітапхананың тарихы және қандай бөлімдер, көрмелер  жұмыс жасайтыны туралы айтып өтті.Содан соң оқу залының кітапханашысы Сүлейменова Асель Жомартовна  «Тіл- рухани қазына» атты ақпараттық сағат өткізді.  Осы іс-шарадан кейін біз кітапхананың барлық бөлімдерін көріп шығуға тілек білдірдік. Осы ғимараттың 3 қабатында ұймдастырылған көрме залы бізге өте ұнады. Қазір мұнда «Тіл –еліміздің тірегі » атты көрме  өтіп жатыр екен. Мұнда жас суретшілер мен жергілікті атақты суретшілердің көркем жұмыстары, фото көрмелері, сурет көрмелері жиі өтіп тұрады екен. Тағы да бізге өте ұнаған бөлімдер: техникалық әдебиет бөлім, американдық мәдениет орталығы, оқырмандар залы, абонементтік бөлімі, өнер бөлімі. Әсіресе , барлық ақпарат екі тілде өтеді екен,  Біз  бәріміз шабыттанып үйімізге тарадық. Біз осы мекеменің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.  Осындай шараларға жиі қатысып тұрсақ деген тілектеміз.