Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
22-қыркүйек тілдер мерекесі
27-09-2011 10:51
22-қыркүйек тілдер мерекесі

      22-қыркүйек тілдер мерекесінің қарсанында №5 жалпы білім беретін мектептің 3,4 «ә» сыныптары арасында «1001 МАҚАЛ,101 ЖҰМБАҚ» атты сайыс өтті.Бұл сайыс Павлодар қаласының №6 қазақ кітапқанасында жүргізілді.Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

1 кезең- «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»деген айдармен өтті ,онда қатысушылар білім,еңбек,Отан,адами қасиеттер туралы мақал-мателдерді кезек-кезек айтып жарысты.Тоқтап қалған бала сайыстан шығып отырды.

2 кезең- «Кім тапқыр?» деген айдармен өтті.Онда 1 кезеңнен іріктеліп алынған оқушыларға аяқталмаған мақал-мәтелдер таратылып берілді,оқушылар оларды аяқтап жазудан сайысты.

3 кезең- «Ойлан,тап» деген айдармен өтті.Ондн сайыскерлерге әр түрлі тақырыптағы алуан түрлі жұмбақтар жасырылды.

Бұл сайыс отырған көрермендермен де ойнатылды.Нәтижесін  шағын концерттік бағдарламамен  қортындыладық.Сайыс жеңімпазы 4 «ә» сынып оқушысы Саттаров Әлішер,2 орын- 3 «ә» сынып оқушысы Полатова Зәуре,3 орын-4 «ә» сынып оқушысы Ахметов Рустам иеленді.Жеңімпаздар арнайы марапатталып,шағын сыйлықтар алды.

                                        Ұйымдастырушылар:

                                                  3 «ә» сынып жетекшісі Сыздықова  Күнсұлу

                                                 4 «ә» сынып жетекшісі Толеуханова Бақытгүл

                                                 және № 6 кітапхансының ұжымы