Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жер бетінің балалары
29-09-2011 07:53
Жер бетінің балалары

 

Бұл суреттің авторы – біздің мектептің 5 «В» оқушысы Маша Сартакова. Міне бір неше жыл бойы ол № 1 көркем сурет  мектебіне барып жүр. Осы мектептің ересектер тобына оның анасы да барып жүр. Бұл суретті Маша «Адам құқығы,теңдігі », тақырыбындағы арнайы балалар суреттері байқауына қатысу үшін салды. Бұл байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстанның  скаутсттық қозғалыс ұйымы болып табылады. Ол жеңімпаз атанды. Жас жеңімпазды  «Жан-жақты үлесімдік» скаут палаталық лагеріне жолдамамен мараппаттады. Ол лагерде қызыққа толы керемет он күн өткізді. Осы туралы өзі былай дейді:

Маған лагерде өте қатты ұнады, мұнда алған әсер көпке дейін қалады.  Айнала ойын-сауық және танымдық ойындарға толы, бәрі өте қызық. Біз бәріміз өзенде шомылдық, күнге қыздырындық. Алау қасында гитарамен ән салдық, өз өзімізге тамақ дайындадық. Біздің лагерімізде Қазақстанның түкпір түкпірінен балалар болды, тек скауттар емес сонымен қатар бір жыл бойы ұйым өткізген әр түрлі  байқау жеңімпаздары болды. Тіпті АҚШ-тан волонтер Тина да болды. Ол тренингтер өткізді, біз араласып жаңа көп нәрселер үйрендік, бізге жан жақтан қонақтар келді. Жалпы айтқанда бәрі керемет болды. Мен бәріне өздерін осындай қызық істермен шұғылдануға кеңес беремін.  Ланерден кейін өзім скаут болғым келіп қазір оқушылар сарайына секцияға барып жүрмін. Жыл бойы басқа да байқауларға қатысып, келесі жазда тағы бір жерге баруым мүмкін. Мен осыны қатты қалаймын!