№ 5 мектептегі ФИТНЕС - МАРАФОН
17 қазан күні біздің мектепте "Мықты жүрекке жол" атты фитнес-марафон өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтын жүргізуге бағытталды.Жоғары сынып оқушылары арасында 6 топ құрылды. Мақсаты - мектеп оқушылары арасында салауатт өмір салтын қалыптастыру және ұстану еді. Бұл іс шараны ұйымдастырушылар: мектептің СӨС координаторы, тәрбие жұмысы бөлімі.
Фитнес-марафоның бағдарламасы:
- тур. Фитнес – бастауыш сынып оқушылары үшін жаттығулар. 18.10.11 – 30.10.11.
- тур. Flashmob. 22.10.11. и 29.10.11.
- тур. «Бетпе бет». 5.11.11.
Бұл марафонның бірінші қатысушылары 4-ші сынып оқушылары және 2-ші сынып оқушылары болды. 9 «А» және 8 «Б» сынып оқушыларының бастауымен оқушылар әр түрлі жаттығулар орындады. 9 «А» және 8 «Б» сынып оқушылары конкурстық бағдарламаны жақсы орындады. Біз барлық Фитнес - топтарға еңбектеріңз жемісті болсын дейміз!