Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәуелсіздік күні
23-12-2011 09:27
Тәуелсіздік күні

Жүргізушілер сайысы өтті мұнда оқушылар өздерінің әдемі сөйлей білу қабілеттерін  көрсетіп ғана қоймай ,ақпаратты қызықты, түсінікті етіп жеткізе білді . 

     Мәнерлеп оқу сайысында оқушылар өлеңді нақышына келтіре оқып көрермендерді таң қалдырды .3"Ә " сынып оқушысы Палатова Зәре  Отан туралы өлеңді орысша , қазақша әдемі оқи білді .

     " Менің Қазақстаным" атты тақырыпта сурет көрмесіне оқушылардың керемет жұмыстары қойылды. Бідің назарымызға Баянауыл, Павлодар қаласының көрікті жерлері , Астана ,Бәйтерек, алтын адам, Келісім және бейбітшілік сарайы, ауыл көрінісі  тағы басқа біздің Отанымыздың  мақтаныштары ұсынылды . Бұл көрме мектептің бірінші қабатында өтті. Оқушылар үлкен қызығушылық таныта білді .

             Соңында бастауыш сынып оқушылары дайындаған мерекелік концерт өтті. Мектептің акт залында оқушылар жиналды. Жүргізушілер мен қатысушы балалар  үлкен қобалжумен  салтанатты бастады . Кравченко Катя концертті қазақша жүргізді. Томазов Никита үшін бұл бірінші сахнаға шығуы еді . Ол өзін көрсете білді . 

Әнұран орындалып, "Қазақстан " туралы өлең, тақпақ, Қазақстанның рәміздері туралы әңгімелер айтылып, би биленді

Мереке есте қаларлықтай өтті !                                                                                3 "А" сынып оқушылары