Бәрін білгім келеді
Біздің 1 сынып оқушыларымыз "неге?" деген сұрақтарын қойып, білімпаз болып өсіп келеді. Бұл тамаша! Сұрақ қоя білу олардың ойын, танымдылығын дамытады. Өзін-өзі дамыту сабағында біз саяхатқа шықтық. Балаларға орман, ғарыш, тау, мұхит бағыттары берілді. Балалар барлық қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысты. Саяхат өте қызықты болды. Балалар танымпаз адамдардың өмірін қызықсыз деп санауға болмайды деген болжамға келді.
Мұғалім: Каужапарова Ж.Т.