Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Біліктілікті арттырудағы кәсіби шеберліктің алғышарттары »
18-03-2013 05:48
«Біліктілікті арттырудағы кәсіби шеберліктің алғышарттары »

 

  1. 2013 жылдың  1-ші наурызында  тәжірибе алмасу мақсатында біздің  № 5 ЖОББМ де «Біліктілікті арттырудағы кәсіби шеберліктің алғышарттары » атты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері үшін облыстық семинар өтті. Сағат 9.00 –де  басталған семинар сағат 16.00-де аяқталды.  Семинарға ПМБАИ  тарапынан  Зауреш Шахмарданқызы бастаған 30 ға жуық мұғалім қатысты.Семинарымыз төменде ұсынылған жоспарға сай өтті. Бірінші болып сөз бастаған мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Аманова А.Е. Ол өз баяндамасында қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі мүшелерімен таныстырып , мұғалімдердің жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, шығармашылық есеп берді.Келесі бағдарламаға сай «Біліктілікті арттырудағы  кәсіби шеберліктің алғы шарттары» атты Қ.Бітібаева туралы деректі фильм көрсетілді.мұғалімдер: Макееева А.Қ., мен Усенова Қ.С.,  « ҰБТ-ға сапалы дайындау жолдары», «заманауи сабақ», «21 ғасырдың білім берудегі негізгі басымдықтары, тіл дамыту жұмысының инновациялық технологиясы» тақырыптарында тәжірибе алмасты.Карымсакова Б.Т., келген мұғалімдерді қатыстыра отыра «жобалау технологиясы» практикум өткізді. Келесі кезекте ашық сабақтар өтті Сыздыкова К.М., 4 «Ә» тақырыбы: «сүйікті кейіпкерім» .

Сагинова Д.С., 4 «Б» тақырыбы: Зергерлік бұйымдар. Шакимова Қ.Қ., 8 «В»  тақырыбы : Спорт – денсаулық кепілі. «Ертіс өңірінің компоненттері» байқауында 1 жүлделі орынға ие болған Идрисова Қ.Ш., « Электрондық оқулықты жасаудағы талаптар мен міндеттер» электрондық оқулықпен жұмыс түрлерін көрсетті.Семинарымызды Қарасартова А.Т., мен Толеухан Б.Т .,Идрисова Ж.Т., Рушанова А.Т.,дайындаған концерттік бағдарламамен аяқтадық.