Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бүгін — Ұлттық валюта — теңге күні
15-11-2013 08:57
Бүгін — Ұлттық валюта — теңге күні

Бүгін — Ұлттық валюта — теңге күні


 

 

1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.

1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.

Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында  басылып шықты.

1993 жылдың күзінде Қазақстан рубль аймағынан шықты.

1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Арада үш күн өткен соң, 15 қарашада Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енді.

Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Мерекелеріңіз құтты болсын!