Қамқоршы күні
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Әйелдердің шығармашылық бастамалары лигасы» ҚБ, «Бала дауысы» мен «Қазақстанның қамқоршылар кеңесі» ҚҚ-ның бастамасымен және республиканың барлық өңіріндегі жергілікті орындаушы органдардың қолдауымен «Балаларға жылу сыйла» ұранымен «Қамқоршы күні» мерекесі өтіп жатыр. Біздің мектепте де ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды өз қамқорлығына алған азаматтарға арналған іс-шара өтті. Оқушылар мерекелік концерт дайындады. Концерттік бағдарламадан соң балаларға және балаларды тәрбиелеушілерге арналған тәтті тағамдармен дастархан ұйымдастырылды.