Осы жылдың желтоқсанының екінші декадасында біздің мектепте тарих және қоғамдық тәртіп апталығы өтті. Оған бесінші сыныптн 11 сынып аралығындағы барлық параллелдің балалары қатысты.
Балалар әр түрлі еңбек етті: 5-7 сынып оқушылары викторина мен кроссвордтар құрып, «Президент болғым келеді» деген жұмыс жазды; 7 – 8 сынып оқушылары шығармашылық жұмыстың конкурсын өткізді
«Біздің мемлекетімізге 550 жыл», «Тарихи тұлға»; 10 және 11 сынып оқушылары «Қазақстан - 2050» бағдарламасы аясында Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын талқылады. ҚР Бірінші Президенті Н.А.Назарбаев туралы электронды презентация құрастырды.
Балаларға біздің өлкеміз Павлодардың Ертіс өңіріне байланысты шығармашылық жұмыстар қызықтырды: 5-ші сынып оқушылары «Павлодар қаласының ескерткіштері» атты тақырыппен жұмыс жасаса, 9 –шы сынып оқушылары «Павлодарлықтар – Кеңес Одағының қаһармандары және Даңқ орденінің толық кавалерлері» тақырыбына жақсы еңбек етті.
Тарих декадасында біз мектеп балаларыныңтарихқа деген қызығушылығы, Ортақ Отанымыздың өткен қаһармандары, 21 ғасырда дамып, өсуі.