«Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру» ММ-нің мектеп ұжымы «Еркетай» хареографиялық ансамблін республикалық спорттық би түрлері мен әртістік билердің І ашық Чемпионаты ашылуына орай өткен шарада І орын алғанымен және 3 сынып оқушысы Қаділетов Бейбарысты жеке ән айту конкурсында ІІ орын алғанымен құттықтайды. Топтың музыкалық жетекшісі- Акимбекова Үміт Қожаевна және директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары - Кузнецова Галина Александровнаға қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз. «Еркетай» тобына шығармашылық табыс тілейміз!