11 қараша күні 7 «В», 7 «Б» сыныптарында қазақ тілі сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: Интернет ұғымы.Қазақ тіліндегі жалғауларды қайталау. Сабақ барысында оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылықтары артып, оқушылардың білімдерін дамытуда АКТ-ні қолданудың тиімділігі байқалды. Оқушымыз дарынды, Талпынамыз білуге Қазақ тілін сүйеміз, Қолданамыз өмірде. Жалғаулардың түрлерін Білу қажет әрине. АКТ-ні қолданып, Сабағымыз өтуде Қызықты да, мәнді де, Керемет бір күн келеді Сөйлесерміз сонда біз Таза қазақ тілінде! Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж.Н. Имангельдинова