12-13 мамырда 6 «В» сынып оқушылары «У самого синего моря…» атты тетрландырылған көрініс көрсетті. Балалар А.С.Пушкиннің ертегісінен үзінді қойды. Ертегіні бастауыш мектеп, 5-ші және 6-шы сынып оқушыларынан 250 оқушы көрді. Бұл қойылымға балалар жарты жылдай дайындалды. Ашық, түрлі-түсті костюмдер, балалардың әртістігі, дұрыс таңдалған музыка әуені үлкен жетістікке жеткізді. Осы екі күнде балалар төрт рет қойылымды көрсетті. Қойылымнан түскен ақшаға Павлодар қ., «Балалар үйіндегі» ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға памперс сатып алынды.