6 мамыр күні біздің мектепте «Жеңіс күніне» және «ҚР Отан қорғаушылар күніне» арналған мереке өтті. Мерекелік концерке орта және жоғары буындағы оқушылар қатысты. АӘД мұғалімі, Ауған соғысының ардагері С.В.Емельянов барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады және ВДВ-ның әнұраны саналатын «Синева» авторлық әнін орындады. 7 «А» сыныптың ұлдары Э. Асадовтың және В. Высоцкийдің Ұлы Отан Соғысына арнап жазған өлеңдерін оқыды.