Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жақсы кітаптар – кітапханаға сыйлық
29-10-2015 08:13
Жақсы кітаптар – кітапханаға сыйлық
Ешова Гүлмира Жасқайратқызы «Павлодар қаласының № 5 ЖОМ» ММ кітапханашысы Жұмыс тел: 54-95-80, 54-95-81, Үй тел: 52-01-28 Ұялы телефон: 8-705-602-75-66 Благотворительность Жақсы кітаптар – кітапханаға сыйлық 3

Соңғы уақыттары кітап сыйлау көптеген кітапхана үшін жинақтау көзі болып табылады. Өйткені кітапхана қоры өте сирек жаңартылып отырады.

Біздің мектептегі кітапхананың бірнеше жылдар бойы тарихына үңіліп қарасақ, сыйлау түрінде берілген кітаптармен кітап қоры толықтырылып отырды. Соңғы кезде баспа өнімдері сыйға тарту біршама өсіп келеді. Кітапханаға кітапты сыйға тарту арасында қала тұрғындары: жергілікті жазушылар мен ақындар, мектеп оқушылары мен ата-аналар, бұрынғы мектеп оқушылары, мектеп алаңына жақын тұратын қала тұрғындары.

Сонымен зейнеткерлердің де жеке кітапханасы: Григорьева Зоя Андреевна және Григорьев Евгений Андреевич біздің мектеп үшін тамаша сыйлы адамдар болып табылады. Олар көп жылғы жинаған кітаптарын кітапханаға әкеліп берді. Кітаптары әр түрлі тақырыптарда: көркем әдебиет, ғылыми-танымды әдебиеттер, энциклопедия, өнер сипатындағы кітаптар, біздің өлкеміздің тарихи кітаптары және көптеген т.б. кітаптар .

Сыйға берілген кітаптардың құндылығы мен пайдасы өте зор. Біздің кітапханада бұл кітаптарға екінші өмір сыйлады. Бұнда оның жаңа оқырмандары да табылады және табыла бермек..

Кітапханаға берілген кітаптар арасында - энциклопедиялық, анықтамалық сипатта, экология, тарих, өнер, экономика, көркем әдебиет, баспа өнімдері және т.б. кітаптар бар. Біз үшін Евгений Андреевичтің бейнемагнитофонды сыйға тартқаны бір қуантып тастады.

Біздің мектепте осындай бағалы сыйлық сыйлаған зейнеткерлер Григорьевтерге № 5 жалпы орта білім беру мектебінің ұжымдары атынан алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар мектепте жыл сайын өткізілетін «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясына белсене қатысатындарға да рахметімізді білдіреміз. Акциядан тыс та біздің мектеп кітапханасына оқушылар мен мұғалімдерде жиі кітап сыйлап тұрады. Осы сәтті пайдаланып, кітапханашылар біздің мектептің кітапхана қорына толықтырған бағалы да, құнды сыйлықтары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.