Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Республикалық акция
29-10-2015 08:07
Республикалық акция
Ешова Гүлмира Жасқайратқызы «Павлодар қаласының № 5 ЖОМ» ММ кітапханашысы Жұмыс тел: 54-95-80, 54-95-81, Үй тел: 52-01-28 Ұялы телефон: 8-705-602-75-66 Республикалық акция 2 Қыркүйек айында көптеген отбасында әсіресе бірінші сыныпқа жаңа барып жатқан балалары бар отбасылары үшін қуанышты жағдай орын алады. Бірінші сынып оқушылары үшін осы жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан сыйлық алды. Елбасы әр бір қазақстандық бірінші сынып оқушылары үшін «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітапты сыйға берді. «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап қазақ және орыс тілінде жазылды. Бұл кітапта қолға жетімді түрде біздің еліміз туралы қажетті де, қызықты деректер жазылған. «Мен Қазақстанның болашағын өркендеген ел ретінде көремін. Бұнда адамдар тату өмір сүріп және жұмыс істейді. Уақыты келгенде сен де осы Отанымызға достарыңмен бірге үлкен пайда әкелесің. Білім әлеміне сәтті жол тілеймін!», - Н. Назарбаевтың бірінші сынып оқушыларына жазған үндеуіне айтылған. Безендіруі әдемі, жарқын баспада ҚР мемлекеттік рәмізі, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жөнінде әңгімеленген. Мектептің кішкентай оқушыларына Қазақстанның картасы, кітаптың келесі бетінде Республикамыздың астанасы Астана, Алматы қаласы және еліміздің әр өлкесін сипаттаған. Кітаптың беттерінде Қазақстанның мақтанышы – Байқоңыр космодромы көрсетілген. Келесі басты бөлім ретінде Қазақ хандығының 550-жылдығы және қазақ халқының ағартушыларына арналған. Біздің мектепте осы акция барысында ақпаратты бұрыштама рәсімделді. Бұрыштамада «Мектепке жол» атты акцияның өткізілуіне қолғабыс тигізу үшін ата-аналарға арнап үндеу орналастырылды. . Ал бізге тек қана бірінші сынып оқушылары үшін Білім әлеміне сәт сапар тілейміз.