"Еліміздің келешегі -ұлттық мектепте"
"Еліміздің келешегі -ұлттық мектепте" - дегендей 2018-2019 оқу жылында №5 жалпы орта білім беру мектебінде 1 "ә" қазақ сыныбы ашылды. Сыныпта қазіргі таңда 16 оқушы білім алып отыр. Сыныпта тек қазақ ұлтының балалары ғана оқымайды, сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің ата-аналары балаларын қазақ сыныбына беріп отыр. Бұл қадам олардың ел боламыз, Қазақстанда тұрамыз, балаларының болашақтарын Қазақстанмен, қазақ тілімен байланыстыруларының дәлелі деп ойлаймын.