Бүгін 17 қыркүйек күні № 5 жалпы орта білім беру мектебінде Тілдер айлығының шеңберінде «Тілдің мерейі - елдің мерейі» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы салтанатты түрде ашылды. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, тілдің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету. Апталықтың ашылу барысында оқушылар айлықтың мақсаты мен іс-шаралардың жоспарымен таныстырылды. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Қайсақызы Батталова құттықтау сөз айтып, оқушыларға айлықта сәттілік тілеп, , сайыстар мен викториналарға белсенділік танытуға шақырды.
«Тілдің мерейі - елдің мерейі»