Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодарская область, город Павлодар, ул.Лермонтова 129
8(7182)549580
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 16.00 до 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тіл – достықтың құралы» атты өткізілген дөңгелек үстел сараптамасы
20-09-2018 11:11
«Тіл –  достықтың құралы»  атты өткізілген дөңгелек үстел сараптамасы

20 қыркүйек күні Павлодар қаласындағы №5 жалпы орта білім беру мектебінде 11 сынып оқушыларымен «22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» мемлекеттік мерекесіне орай арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел «Тіл – достықтың құралы» атты тақырыпта өтті.
Дөңгелек үстелге 11 «А, Б» сынып оқушылары осы сыныптарда жұмыс жасайтын ұстаздар А.К. Макеева мен Г. М. Мажитова және қазақ тілі әдістеме бірлестігінің жетекшісі А. М. Омарова қатысты.
Дөңгелек үстелде сөз алған ұстаздар өз өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, тілі мен мәдениетіне қарамастан барлық ұлттардың қызығушылығын біріктіретін, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін Қазақстанның саяси жүйесінің маңыздылығы туралы сөз етті. Сонымен қатар, бұл мейрам Қазақстанда өмір сүретін 130-ға жуық ұлттардың құқықтарының шектелмегендігінің жарқын көрінісі екендігін, сондай-ақ, әр тілдің басқа тілдермен байланысты өз тарихы мен өз тағдыры болатынын, тіл арқылы адамдар басқа ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін және де бір-бірін түсінетіні жайлы өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады.