Павлодар қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты латын әліпбиі негізінде 5-11 сынып оқушылары арасында эссе жазу конкурсы ұйымдастырылды. 2018 жылдың 11 желтоқсанында #5 жалпы орта білім беру мектебінде мектепішілік эссе конкурсы өткізіліп, конкурсқа 5-11 сынып оқушылары,шамамен 600 ден аса оқушы қатысты.Мектепішілік эссе конкурсында іріктелген 8 А сынып оқушысы Моор Элина қалалық кезеңге қатысып, "Ұшқыр ой" номинациясын иеленді.Элинаның айтуынша өзіне қазақша ойлап, латын графикасына салып жазу қиынға соқпағандығы, керісінше әлі де өз білімін шыңдай түсіп, келесі жылы жүлделі орын иеленетін сеніммен айтып, өзінің қалалық кезеңге дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абильтаева Перизат Толеубековнаға алғысын білдірді.
"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"