Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
25 қаңтар күні республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
25-01-2019 15:13
25 қаңтар күні республикалық

25 қаңтар күні республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Мақсаты:мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,қазақ халқының мәдени,әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін,мәдени дүниетанымын дамыту.
Сайыс "Сөз шеберлері", "Әнші-бұлбұлдар" және " Жас ғалымдар" бағыты бойынша өтті.
Жалпы сайысқа 7-11 сынып оқушылары қатысты.
Гарифуллина Залина "Мен қазақтың қызымын" әнін, Герасимова Наталья С.Торайғыровтың "Қамар сұлу" романынан үзіндісін, Колоскова Дарья М.Мақатаевтың "Елім барда" әнін, Горемыкина Екатерина "Алтын бесік" әнімен өз өнерлерін көрсетті. Ал Кенжегалинова Татьяна "Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы Отандық рух пен ұлттық сана" тақырыбында ғылыми жобаны қорғады.
Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі орындармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
ІІІ орынды Горемыкина Екатерина,
ІІ орынды Кенжегалинова Татьяна,
І орынды Гарифуллина Залина
қанжығасына байлады.
Біз мектебіміздің осындай білімді және талантты оқушыларымен мақтан етеміз.