Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бүгінде алтын ұямыздың төрінде 16 желтоқсан тәуелсіздік күні қарсаңында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымын
11-12-2019 20:18
Бүгінде алтын ұямыздың төрінде 16 желтоқсан тәуелсіздік күні қарсаңында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымын

Бүгінде алтын ұямыздың төрінде 16 желтоқсан тәуелсіздік күні қарсаңында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. "Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген Қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. 
Ұйымның мақсаты:
өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік,  Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Салтанатты қабылдау рәсімінде 1-4 сыныптар бірыңғай "Жас қыран" ұйымына қабылданса, 5 сыныптардан жоғары оқушылар біріңғай "Жас ұлан" ұйымына қабылданды.
Өскелең ұрпаққа мектебіміздің үлгілі басшылары мен аяулы ұстаздары ақ тілектерін айтып, өз қолдарымен патриоттықтарының куәсі көк галстуктарын байлап, төсбелгілерін ұсынды.
Салтанатты қабылдау рәсім барысында жалынды жастарымыз бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының антын қабылдап, өз еліне деген сүйіспеншілігін патриоттық билері мен әндері арқылы жеткізе білді. Бұл салтанатты шарадан 1 "Ә" сынып оқушыларыда қалыс қалмады, әнші балапанымыз Мүбәрак Жансая "Құлпыра бер, Қазақстан" атты өлеңімен Жас ұландарымызды қанаттандыра түскендей. Жас ұландарымызға тек сәттілік тілей отыра, алдағы күндерде Отанымыз Қазақстан Республикасына адал қызмет ететініне сенеміз!
(Аға тәлімгер Бодаухан Лена.)