Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалім рейтингі
28-10-2011 03:53

Мұғалім жұмысының тиімділігін арттыру мақсатымен  мұғалім рейтингі енгізілген. Аталған рейтингтік жүйенің  мұғалімге беретін мүмкіндіктері: өз жұмысының нақтылы нәтижелерін, олардың ұжымдағы орнын анықтау; өз резервін көру; үздіксіз  білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыруға ынталы болу.

         Мектеп әкімшілігіне берер мүмкіндіктер: мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне үздіксіз диагноз қою;  мұғалімнің нақтылы нәтижелеріне сәйкес ынталандыру жүйесін жетілдіру; даралау және саралау негізінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Рейтингтің қорытындысы 2 кезеңмен  жасалады.

Бірінші кезең(2012 жылғы 21 мамырда) - ӘБ деңгейінде әр мұғалім өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін ұсынады. Барлық жинаған ұпайлары  жинақ кестесіне енгізіледі (Excel- де). ӘБ-те орта ұпай шығарылады.

Екінші кезең(2012 жылғы 26 мамырда) – ҒӘҚ деңгейінде ӘБ-тің жетекшілері растау құжаттарын (семинарлар бағдарламасын, грамоталар мен алғыс хаттарды, арнаулы курстар мен факультативтердің бағдарламаларын ) көрсете отырып әр мұғалімнің ұпайын қорғайды. Мәліметтерге шек келтірілмеу ӘБ жетекшісінің және  жетелеуші  оқу ісі меңгерушісінің  жауапкершілігінде.

ҒӘҚ қорытындысы бойынша анықталады:

-ең  жақсы  жыл ӘБ (1,2,3орындар)

-ең  жақсы  жыл мұғалімі (гран-при – 1; 1орын-2, 3 орын – 5), өзін өзі бақылау сенімі беріледі.

- шығармашылық белсенділігі  төмен  (ұжымның 10% ) бөлігі  жеке бақылауға алынады.