Білім Бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2017ж. 21.12. №9 ЖОББГМ Қалалық Сараптама Кеңесінің отырысы болды.
Директор С.В. Завальная мен директордың орынбасары Е.В. Мұратхожина «Жаңартылған мазмұн жағдайында мектепке инновациялық басшылық жасау» үлгісін көрсетті.
Заманауй кезеңде негізгі тренд кадр саясатының бағыты екені мәлімделді. Жаңаны қолданудың жаппай сипаты педагогтердің кәсіби біліктілін арттыру қажеттілігін күшейтеді.
Жаңа мүмкіндіктер мен ресурстарға ізденіс бізге (әкімшілікке) басқару үлгісін анықтауға және мазмұн жаңартылған кезеңде педагогтердің өзара түрлі әрекеттері (ӘБ, шығармашылық топтар, корпоративтік оқулар) арқылы біліктілік арттырудың мектепіші жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Педагогтердің өзара әрекеттерінің бірыңғай бағалы-мағыналық кеңістігі біліктілік арттыруды, педагогті біліктілік арттыру жүйесінде үздіксіз сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Мұғалімнің біліктілігі жаңартылған мазмұн жағдайында оқу үдерісіне сапалы ықпал жасауға қабылетті.
Сапа – білім берудегі барлық инновациялардың негізі, сондықтан біліктілік арттыру жүйесінде білім сапасын квалиметрикалық (сапалы) басқару өзекті мәселе болып отыр.
Өткізілген коучингтерде өлшемдер мен дескрипторларға сәйкес сабақты бақылау картасы әзірленіп құрылды. Құрастырылған карта 2,5,7 сынып қатарларында көрсетілген сабақтарды бағалауға мүмкіндік жасады.
Бүгінгі күнде бізде педагогтің біліктілігінің дескрипторлық суреттемесі, негізгі біліктілік картасы, өзін-өзі бағалау парағы, педагог қызметін квалиметрикалық ілестіру жол картасы бар. Осының бәрі педагогті санасыз біліктіліктен саналы біліктілікке жетелеу мүмкіндігін жасайды.
Жаңартылған мазмұн жағдайында мектепке инновациялық басшылық жасау