Телефон доверия
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мәдени мұра
20-12-2019 18:20
Мәдени мұра

Павлодар қаласы  әкіміНүкенов Қайрат Теміршотұлының бастауымен Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздік Күні  мерекесін тойлау  шеңберінде 12желтоқсан күні Павлодар қаласының №9 жалпы  білім беретін гимназия  мектебінде домбра  кабинетінің салтанатты  ашылуы  болды. Демеуші1998жыл түлегі Суслин Евгенийдің  арқасында  мектепте  домбра  студиясы  пайда  болды. Бүгінгі күнде   мектепте  1-11 сыныптарының  40  оқушысы  қамтылған  2  домбра студиясы Сарсебеков Батырбек Жаксылыкұлының   жетекшілігімен  жұмыс  істейді. Заманауй  домбра  кабинеті  техникалық құралдармен  және  оқу  әдебиетімен жабдықталған. Студия  сабақтары  12 аспаппен қамтамасыз етілген.

Кабинеттің  салтанатты  ашылу  рәсіміне қоғамдық  «Нұр Ана» қоғамының төрайымы Максилова Бақыт Шаханқызы, мектептің  ардагерлер кеңесінің төрайымы Байтлеуова Елсүйер Ахметқызы, мектеп мұражайының директоры  Бәйкенова Галина  Знайданқызы, Павлодар қаласының акын - айтыскері Мизан Жұмаәлі,  белгілі  ақын, жас  ақындар мектебінің негізін салушы   Қуаныш Шорманов қатысты.

Ашу  мерекесіне келген қонақтарды  мектептің «Назқоңыр» би тобы  «Домбыра  үні» композициясымен, Нұр-Сұлтан қ. республикалық сайыстардың жүлдегері (2018 жыл), халықаралық «Би бала» сайысының жеңімпазы құттықтады.