Телефон доверия
8 (7182) 32 49 27
email: sosh11@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 3/1
8 (7182) 32 50 66
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын сағат 16:00-18:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жақын болып кеттің-ау, жаным маған
06-04-2019 15:46
Жақын болып кеттің-ау, жаным маған
 
 
Бүкіл әлемге танымал опера әншісі Мария Мудряк 25-жылдық
мерейтойына орай 2019 жылғы 6 сәуір күні «Павлодар қаласының № 11
модульдік үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» ММ ұжымымен
кездесті.
Мария Мудряк үшін нағыз тосын сый концерттік бағдарлама болды.
Талантты балалар ән шырқап, би биледі және музыкалық аспаптарда ойнады.
Марияның алғашқы мұғалімі Татьяна Буланова Николаевна бірінші сынып
оқушыларымен мерейтой иесін қызықты өлеңдерімен таң қалдырды. Мектеп
директоры Н. Жедоуова опера әншісін еліміздің мәдениет саласына зор үлес
қосқаны үшін шын жүректен ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Марияны ізгі
ниетпен құттықтауға Павлодар облысы мәдениет басқармасының басшысы
Бахыт Амантаевна Анисова келді.
Концерттен кейін Мария балалық шағында білім нәрін сусындаған
сыныбына шақырылды. Содан соң оқушылар Марияны мектеп музейін
тамашалауға шақырды. Онда опера әншісінің жетістіктері орын алған.
№ 11 мектеп түлегі шығармашылығының арқасында, мектеп
оқушылары тыным таппай еңбектену, алға мақсат қойғанда ғана, биік
белестен көрінуге болатынына кәміл сенді.
Марияға арналған концерт көрермендер көңілінде өшпес із қалдырды.