Телефон доверия
8 (7182) 32 49 27
email: sosh11@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 3/1
8 (7182) 32 50 66
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын сағат 16:00-18:00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Құрметті түлектер!
04-06-2020 10:55
Құрметті түлектер!

Құрметті түлектер!

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздардың ойы толып, бойы өсіп, өмірдің тағы бір кезеңін өтіп, алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмір жолына аттанғалы тұр. Енді сендерге тек өз күштеріңе сеніп, дұрыс таңдау жасайтын кез келді.

Соңғы қоңырау – бұл керемет қайталанбас балалық шақтың өткені туралы өкіну емес. Алдағы үлкен өзгерістер мен нәтижелер тек сендердің өздеріңе байланысты. Ата – аналар, ұстаздар мен тәлімгерлер сендерді әрдайым қолдап, көмек көрсетуге дайын. Бұл соңғы қоңыраудың сыңғырлауы сіздерді табыс пен сәттілік жолына бағыттайтын көңілді әуенмен жалғассын.

Сәт –сапар сендерге, құрметті 2020 жыл түлектері!

Мектеп директоры О.Е.Бекжанова