Орыс тілінен олипмпиада.
25 қараша күні 5 «В» сыныбының оқушылары "Метамектеп" сайтында өткізілген Ресейдің интернет- олимпиадасына белсене қатысты. Интернет арқылы өткен сайыстың күрделі тапсырмаларын орындауға Ресей, Қазақстан, Украина және Түркменстан өкілдері қатысты. 5 «В» сыныбының оқушылары интернет олимпиадаға алғаш рет қатысты, тіпті тұңғыш жүлдегерлеріміз де бар.Фатеев Кирилл үшінші орын алды,ал Борисов Игорь мен Рыжих Женя олимпиадаға қатысушылар сертификатын алды.