15.03.2016 ж. 5-сыныптар арасында «Тіл – татулық тірегі» атты интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты: оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, пән бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау. Оқушылар «Тұлпар» және «Асық» атты топтарға бөлініп, білімдерін көрсете алды. Сайыс барысында қатысушылар бес кезеңнен өтті. «Бәйге» атты кезеңде балалар мемлекеттік тілге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар «Кім жылдам», «Кім тапқыр», «Шифровщик» сияқты кезеңдерде ой ұшқырлықтарын көрсетіп, топпен бірлесе отырып, жұмыс істей алатындарын көрсете білді.