Телефон доверия
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
№ 15 жалпы орта білім беру мектебінде қазақша сынып жұмыс істейді
13-10-2015 08:11
№ 15 жалпы орта білім беру мектебінде қазақша сынып жұмыс істейді

Орыс тілді № 15 жалпы орта білім беру мектебінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қазақша сынып жұмыс істейді. Ол сыныптың жетекшісі жас талапты мұғалім Ақмарал Сансызбайқызы Әлмұхамбетова.Төрт жыл бойы осы балаларға тәлім -тәрбие беріп келе жатқан Ақмаралдың да ,оқушылардың да, ата - аналарының да айтары көп.

Өйткені осы оқитын балалардың ішінде жалпы орта білім беру мектебінен келгендері бар.Олардың мұнда келу себебі:жадына сақтау қабілеттерінің төмен болғандығынан үлгерімдерінің нашарлығы,мемлекет стандарт талабына сәйкес бағдарламалық материалдарды қабылдай алмауы болатын.

Арнаулы комиссияның шешімімен психикалық дамуы тежелген балалар деген анықтамадан кейін олар осы аталған мектепке келген болатын. Бұл мектепте оқу -тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшелігіне қарай балаларға қойылатын талап та ерекше.Осының нәтижесінде балалардың үлгерімі жақсарып, олар сыныптан тыс өткізілетін шараларға белсене қатысып, өздерінің мүмкіндіктерін риясыз көрсете алды.Мысалы, Бейбіт Сардардың ата - анасы Ақмарал Сансызбайқызына алғысын білдіре отырып,балаларының алған біліміне ризашылығын білдіреді

Ал шәкірті Батырбеков Эльдар өз ұстазы туралы былай дейді: «Біз ескі ғимаратта оқып жүрсек те,қиындық көрген емеспіз.Бұл ұстазымыз Ақмарал Сансызбайқызының арқасы деп ойлаймын.Мектепте біздің алаңсыз білім алуымызға барлық жағдай жасалған».

Жас мұғалім Ақмарал Сансызбайқызының табандылығы мен балаларға деген сүйіспеншілік сезімі ,оның ұстаздық жолындағы айнымас серігі болып отыр.Осының нәтижесінде ол ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге жетіп отыр.Осыған орай жас ұстазға қызығы мен қиындығы бірдей жеткіншектерді тәрбиелеу жолында зор денсаулық,еңбегіне табыс пен шығармашылық табыс тілей отырып білім шыңынан көрінуіне тілектеспіз.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.