Жаңажылдық шырша
![Жаңажылдық шырша](/media/img/blogs/5a4e2388d81b5.jpg)
Жаңажылдық мерекелермен басталған қысқы каникул қызу үстінде. №15 мектептің 5-6 сыныптарының оқушылары үшін шара өткізілді. 6 "В" сыныбының оқушылары жаңажылдық шырша жанында уақыттарын тамаша өткізді. Олар шыршаны айнала ән салып, ойындар ойнады. Аяз Ата мен Ақшақардың келуі балалардың қуаныштарын арттыра түсті. Барлығы бірге жаңа жыл символы - Итті қарсы алды. Шара мерекелік би кешімен аяқталды.