Тақырыбы: «Р» дыбысын автоматизациялау. Қыс. Қыс қызықтары.
Мақсаты: «Р» дыбысын әртүрлі позицияларда, сөздерде, сөз тіркестерінде автоматизациялау; тақырып бойынша сөйлемді есту арқылы қабылдауды жаттықтыру; "Қыс" тақырыбы бойынша сөздікті кеңейту және жандандыру.
Бағдарламалық тақырыптар: Түзету-білім беру:
- «Р» дыбысын сөздерді және сөйлемдерде дұрыс айту;
•Сөздікті кеңейту және жандандыру;
• Тірек суреттер бойынша байланыстырып сөйлеу арқылы пікірді білдіруді қалыптастыру. Сөздің грамматикалық құрылысын жетілдіру (сын есім мен зат есімнің үйлесімі). Түзету-дамытушылық :
• «Р» дыбысы бар сөздерді дауыстап айтқан кездегі фонематикалқ қабылдауды дамыту;
• дем алу, артикуляциялық және саусақтардың шағын моторикасын дамыту;
• ойды, көруді және зейінді дамыту.
дем алу жаттығулары:
тәрбиелік:
• әлеуметтік бейімделу дағдыларын қалыптастыру;
•балалардың өздерінің сөйлеуіне бақылау жасауды тәрбиелеу.
Өзара түсінушілікті, мейірімділікті қалыптастыру.
Сабақтың барысы
1. Дем алу жаттығулары ( қар, пілмен футбол ойнау)
2. Артикуляциялық жаттығу (күлімдеу – түтікше, жауын – күн, құлын, саңырауқұлақ, балға).
3. Саусақ жаттығуы ( массажды доппен ойын, шағын доптармен ойын)
4. «Р» дыбысын автоматизациялау:
-баудан жол жасап, оның бойымен машиналарды жүргізейік. От алдырамыз, кеттік.
- "р" дыбысы сөздің басында, ортасында тұрған сөздерді ата.
- тірі затты білдіретін және "кім?" деген сұраққа жауап беретін сөзерді тауып ата.
-Суреттің оң жағында, сол жағына және үстінде не бейнеленгенін айт.
- жейтін нәрселерді және құстардың бәрін ата.
- «носорог», «қарға» сөздерінде қандай сөздер жасырынған.
- сөйлемді мен ... қуанамын, мен ... ойлаймын сөздерімен аяқта.