"Абайлаңыз! Бағдаршам!"
"Қауіпсіз доңғалақ" атты жас инспекторлар қозғалысының отряды З.С.Жакупованың басшылығымен республикалық "Абайлаңыз! Бағдаршам!" акциясына қатысты. Отряд мүшелерімен шара өткізілді, мақсаты жол қозғалысы ережелерін білуді кеңейту және оларды сақтау маңыздылығын түсіндіру болды. Балаларға слайдты презентация ұсынылды, онда тақпақ түріндегі жұмбақтар берілді. Аталмыш кездесу рефлексиясы "Жол заңын сақта!" атты ойын-викторина болды.