"Алтын күз"
23 қазан күні 1-4-сыныптарға арналған "Алтын күз" атты мереке өткізілді. Бұл шараның мақсаты: -балалардың қуанышты мерекелік көңіл күйін құру; -күз сыйының адам үшін маңызын көрсету болды. "Алтын күз" мерекесінде балалар табиғат құбылыстарына бақылау жасауды үйренді, күздің алғашқы айы - қыркүйектен бастап. Ол үшін балалар күз сұлулығы туралы слайдтарды тамашалады. "Күзгі калейдоскоп" тақырыбында қолдан жасалған бұйымдар көрмесі безендірілді.