Эмоционалды ой-өріс
Эмоционалды ой-өріс деген түсінік бар - бұл өз сезімі мен басқа адамдардың сезімдерін түсіну және осы сезімдер логикасын қолдана білу. Мақсаты: қатысушылардың өз сезімдерін түсінуді дамыту; әртүрлі эмоционалды санаттар маңызын түсіну;адам өміріндегі әртүрлі сезімдер мен эмоциялар ара-қатынасына талдау жасау. Эмоциялар бізге бір-бірімізді жақсы түсінуге көмектеседі. Әрқайсымыздың эмоцияларды көрсетудің жеке жиынтығымыз бар, сондықтан басқа адамның сезімін түсіну әрдайым оңай бола бермейді.