Телефон доверия
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Ризашылық күні"
04-03-2019 11:12

Наурыздың 1-і   күнтізбедегі  ерекше  күн болып саналады. Бұл жүректерде жылу орнап, игі тілектер айтатын көктемгі мереке. Себебі дәл осы 1 наурыз күні Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған болатын. Президентіміз "Біз барлығымыз бұл мерекені дәл осы 1 наурыз күні  мейірімділік көрсетіп, осы адамдарды туғандары сияқты қабылдағандары үшін  қазақтарға  және бір-біріне барлық этностардың  Алғыс айту күні ретінде атап өтетін боламыз" деді. Алғыс айту күнін мерекелеуге байланысты мектепте бірқатар шаралар өткізілді.

     2019 жылғы 1 наурызда  №15 мектептің мәжіліс залында «Шын жүректен алғыс айтамын!» атты шара өткізілді. Шараның мақсаты - қазақстандық құндылықтарды "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы контексінде көрсету, барлық этностар мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру, адамгершілік пен толеранттылықты тәрбиелеу болды. Оқушылар мерекеге сай костюмдер киіп келді. Балалар өздерінің әртістік қабеліттерін көрсетіп, өлеңдер оқып, әндер орындады, би биледі. Шараны өткізу барысында келген қонақтар мен балалардың жақсы мерекелік көңіл күйлері сезіліп тұрды.

 Мектеп фойесінде "Ризашылық күні" банері  ілінді. Онда балалар мен ата-аналар және мұғалімдер бір-біріне деген алғыстарын  жазды. 

Олар Алғыс айту күні ешқашан "Рахмет" деген  сиқырлы сөзді ұмытпау керек екеніне көздерін жеткізді. Балалардың тағдырына немқұрайлы қарамай, игі істер көрсетіп жүрген адамдарға рахмет.