Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мультфильмдердің дүниежүзілік күні
08-04-2019 10:20
Мультфильмдердің  дүниежүзілік  күні

«Jastarjyly-2019»  арналған волонтерлік қозғалыс шеңберінде Дефектология мамандығы бойынша Д-32 тобының студенттері к.б.н. кураторы, доцент Салтанат Жұмабайқызы Кабиеваның  басшылығымен  Павлодар  қаласы №15 ЖОББМ-нің  4-сынып оқушыларына арналған «Дүниежүзілік мультфильмдер күніне»  арналған викторина өткізді.

 Балалар  мультфильмдердің  халықаралы қ ассоциациясы 2002 жылғы 6 сәуірді «Дүниежүзілік мультфильмдер күні» мерекесі етіп белгілегені туралы  білді. Алғашқы анимациялық фильмдерді  1906 жылы «Күлкілі түрлердің комикті фазалары» атты алғашқы фильм түсірген Альберт Смит пен Джон Стюарт Блэктон болды.

 Викторинаны өткізуге барлық балалардың сүйікті кейіпкері, барлығын күлдіріп жүретін «Маша» келді. Викторина үш кезеңде өтті: бірінші кезеңде слайдтарда мультфильмдерден стоп-кадр көрсетілді, балалар қандай мультфильм екенін жылдам тауып, айтулары  керек болды;

 Келесі кезең – «Суретте не жетіспейді?» деп аталды. Слайдта мультфильмнен  бір элементтері жетіспейтін суреттер көрсетілді;

 Соңғы кезең «Қандай мульфильм» деп аталды, мультфильмнен  музыкалық фрагмент бойынша қандай мультфильм екенін табу керек болды.

 Шара жылы, достық жағдайда өтті, балалар мультфильмдерді  және олардағы кейіпкерлерді өте жақсы  көретіндіктен, белсенді түрде қатысып, сұрақтарға жауап берді. Шара аяқталған соң оқушылар дипломдарға ие болды, ал студенттерге балалар мен мұғалімдер алғыстарн білдірді.