Телефон доверия
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Біз біргеміз»
12-04-2019 14:09
«Біз біргеміз»

 

 

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайы алаңында «Біз біргеміз» атты танымдық-сауықтыру іс-шарасы болып өтті. Шара бағдарламасында мерекелік концерт, «Достық алаңы» ұлттық ойындар, «Балалық шақ» аниматор-шоу, «Арт-терапия» шеберлік сыныптары, «Менің болашақ мамандығым» мамандықтар жәрмеңкесі болды.    

Оқушылар сарайының барлық үйірмесінің тәрбиеленушілері аулаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Талантты әншілер мен бишілер өздерінің өнерлерімен барлық қонақтарды, қатысушыларды керемет думанға бөледі. Арт-шеберханасында біздерге көне тігіс түрлері және шаш өру үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар ұлттық ойын түрлері, интеллектуалды сайыстар, викториналық жекпе-жектер өтті. Ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Рахмет!

 

 

№15 ЖОМ

«Жас қыран» және

 «Жас Ұлан» белсенділері