Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында 2 "Г" сыныбында тақырыптық сынып сағаты өткізілді, мақсаты: оқушылардың басқа ұлт адамдарының мәдениеті, салт-дәстүрі мен өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ, патриотизмді тәрбиелеу болды. Сынып сағаты танымдылық түрінде өтті, интерактивті тақтаны қолдану арқылы ролик көрсетіліп, балалар тақпақтар оқып, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш шара көзделген мақсатына жетті, бұл оқушылардың әрі қарай дамуына мүмкіндік берді.