Телефон доверия
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектептегі әдістемелік күн
16-10-2019 16:05
Мектептегі әдістемелік күн
 
    Күз мезгілінің жаңбырлы күніне қарамастан Павлодар қаласы № 15 мектебінде аттестатталушы мұғалімдердің бірыңғай әдістемелік күні өтті. Бұл күнде 28 мұғалім,  оның ішінде 3 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ашық сабақ берді. 
    Педагог- зерттеуші санатына өтініш берген мұғалімдер: Уалиханова Г. А.- 8 сыныпта " Қазақстан - мұнай мекені" тақырыбында,  Смагулова З. Ж.- 9 сыныпта "Көшпенділер мәдениеті" тақырыбында,  Капсалыкова Ш. Т.- 7 сыныпта "Ауызсу қоры неліктен азаятынын білесің бе?" тақырыбында сабақ өткізді.  Сабақтарында жаңартылған білім мазмұны бойынша арнаулы оқыту әдіс-тәсілдер қолданып, оқушыларды қызықтыру мақсатында түрлі тренингтер мен сергіту сәттерін өткізді.  Сабақ барысында мұғалім  оқушыларды сабақтың қандай кезеңінде болсын қазақ тілінде жауап беруге, дұрыс сөйлеуге дағдыландыруда.  Сабақта көп көрнекіліктер қолданылып,  қызықты да,  тартымды өтті. Сабаққа қалалық білім бөлімі өкілдері мен әкімшілік және де басқа мектеп мұғалімдері қатысып,  талдау жасап,  өз кеңестерін берді.
 
Ақпарат жіберген Зкенова Г. Ш.