Телефон доверия
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Жасөспірім" клубының мәжілісі туралы ақпарат
16-10-2019 15:20

2019 жылғы 16 қазанда Бірыңғай әдістемелік күн шеңберінде мектебімізде жоғары сыныптықтар  және құқық қорғау органдары өкілдері арасында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында  ашық диалог өткізілді. Мұндай кездесулер алғаш өткізіліп отырған жоқ. "Жасөспірім" клубы мәжілісіне 8А, 9А, 10Б сыныптар оқушылары, тиәрбиеленушілерімен бірге тәрбиешілер, мұғалімдер, әлеуметтік педагог, мектеп психологы және шақырылған қонақтар  қатысты. 

Сабақты "Жасөспірім" клубының жетекшісі, мектебіміздің әлеуметтік педагогы Г.К.Сейсембаева ашып, қатысушыларды сыныптан тыс шара тақырыбымен, мақсатымен және міндеттерімен таныстырып өтті. Шақырылған қонақтар: Павлодар қаласы прокуратурасының аға прокурорыА.Б.Бейсембаева мен дін істері бойынша басқарма бөлімінің басшысы С.К.Кульжибаев жасөспірімдермен ҚР заңдарын, жасөспірімдер құқығы мен міндеттерін білуі жөнінде ашық іскерлік әңгімеллесу өткізді, балаларды құқық бұзушылықтар жасамай, спортпен айналысуға, белсенді өмір сүріп, жағымсыз діни бірлестіктер  әсеріне берілмей, ата-аналарымен ақылдасып отыруға шақырып, заңгерлік кеңес қажет болатын болса, құқық қорғау органдарына баруға ақыл берді.

Оқушылар мен ересектер "Жасөспірім" клубы ұйымдастырып, өткізген сабақтарға белсенді қатысты.

Мектеп психологы  Хамитова А.А. сабақ соңында оқушылармен тренинг өткізді.

 

 №15 ЖОБМ әлеуметтік педагогы : Сейсембаева Г.К.