Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас ұлан»және «Жас қыран»
29-11-2019 10:22
«Жас ұлан»және «Жас қыран»

Мектепте  ҚР Алғашқы Президенті күнін мерекелеуге арналған "Жас қыран" және "Жас ұлан" ББЖО қатарына қабылдау бойынша шара өткізілді. "Жас қыран" және "Жас ұлан"  қатарына қабылдаудың басты мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдылық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру болып табылады. Оның міндеттері әлеуметтік-маңызды бастамаларды жүзеге асыру, мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибесін байыту мен дамыту, мектептік тәрбиелік потенциалын жүзеге асыру болып табылады. Салтанатты сапқа тұруда 2, 4, 5, 6-сыныптар оқушыларына қонақтар - Павлодар қаласының ауған ардагерлері кеңесінің төрағасы Г.Г.Шарапатов пен ауған соғысының жауынгері С.Ш.Сейталин төс белгілерін тағып, "Жас ұлан" және "Жас қыран" галстуктерін тақты. Оқушылар ант берді. Мектеп директоры Н.Ж.Шакенова балаларды құттықтап, оларға ҚР -ның лайықты азаматтары болып, әрдайым алда болуды тіледі. Салтанатты бөлім аяқталған соң жаңадан қабылданған жас ұландықтар мен жас қырандықтарға арналып музыкалық құттықтаулар орындалды. Барлығы "Жас қыран" қатарына 28 оқушы және "Жас ұлан" қатарына 16 оқушы қабылданды.