Телефон доверия
/Call-центр 8 7182 20-93-11/ 8 7182 21-91-90
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Жол белгілері мектебі"
28-01-2020 12:51

Мектебімізде 4-сыныптар параллельдері арасында "Жол белгілері мектебі" атты ЖҚЕ бойынша конкурстық ойын өткізілді. Конкурстың мақсаты оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін жалпылау болды.

Конкурстық ойын 6 конкурстан тұрып, жаттығудан басталды. Бірінші конкурс "Әрі қарай..." деп аталды, онда қаысушылар жол тақырыбы бойынша жұмбақтар шешулері тиіс болды. Балалар екінші "Жол белісін жина" деп аталған екінші конкурста өздерін жақсы көрсетті, онда бірнеше бөлікке бөлінген жол белгілерін жинаулары тиіс болды. Үшінші "Қателіктерді тап" атты конкурста брілген сурет бойынша қателіктерді табу керек болды.

hello_html_2ffd9af9.jpg

Төртінші "Жол белгілері" конкурсында қатысушылар жол белгілері туралы жұмбақтар шешіп, оларды ұсынылған суреттер ішінен табулары қажет болды. Ал бесінші "Жолдағы жағдайлар" конкурсында қатысушылар берілген екі жағдайдан дұрыс шешім табулары керек болды.

 1-жағдай

Екі ұл бала мен үш қыз меткептен шығады. Олар жолдан өтетін жерге келгенде жасыл түс жыпылықтай бастайды. Ұл балалар жолдан жүгіріп өтеді де, қыздар келесі түсті күтіп орындарында қалады. Қанша бала жолдан дұрыс өтті?

Жауабы: Үш қыз. Бағдаршамның жыпылықтап тұрған жасыл түсі қазір сары, одан кейін қызыл түстің жанатынын білдіреді. сондықтан келесі жасыл түстің жанғанын күту  қауіпсіз болып табылады. Жолдан жүгіріп өту қауіпті.

 2-жағдай. 

Жеті бала жолдың көлік жүретн бөлігінде доп ойнап жүр. Екі бала үйлеріне кетіп қалды. Қалғандары ойынды жалғастыра берді. Қанша бала дұрыс жасады?

Жауап: Бірде-бір бала дұрыс жасаған жоқ. Жолдың көлік жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.

Соңғы алтыншы "Ойлану" атты конкурста барлық қатысушылар ЖҚЕ бойынша тест сұрақтарына жауап берді. 

         Барлығы төрт команда қатысты: "Жаяу жүргіншілер", "Автокөлік", "Зебра", "Бағдаршам". Конкурс аяқталған соң барлық қатысушыларға "Мен жол қозғалысы ережелерін білемін" атты медальдар тағылды. 4Б сыныбының "Жаяу жүргіншілер" командасы жеңімпаз атанды.

                                                                                           №15 ЖОБМ пресс орталығы

Сулейменова Диана, Бейбыт Сардар.