Телефон доверия
/Call-центр 8 7182 20-93-11/ 8 7182 21-91-90
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Байланыстырып сөйлеу- бұл ойдың байланысы
27-02-2020 14:31
Байланыстырып сөйлеу- бұл ойдың байланысы
Әрбір бала өз ойын мазмұнды түрде, грамматика жағынан дұрыс, байланыстырып жеткізе білуі тиіс. Сонымен қатар, балалардың сөзі ашық, мәнерлі болуы керек. Байаныстырып сөйлеу ойлаудың мызғымас бөлігі болуы тиіс: байланыстырып сөйлеу - бұл ойдың байланысы. Байланыстырып сөйлеуде баланың ойлау логикасы, оның қабылдағанын ойлап, оны дұрыс, нақты етіп жеткізу болып табылады. Баланың өз ойын құра білуіне қарап, оның сөйлеуінің даму деңгейін анықтауға болады. Балаларды мектепте табысты түрде оқыту олардың байланыстырып сөйлеуді меңгеруіне байланысты болады. Мәтінді оқу материалдарын қабылдау мен жеткізе білу, сұрақтарға толық жауаптар беру, өздігінен өз ойын жеткізе білу - осы және басқа да оқыту әрекеттері байланыстырып сөйлеуді дамыту деңгейінің жеткіліктілігін талап етеді.