Наурыздың 15 күні қазақ тілінің жұмыс жоспарына сәйкес 6-шы сыныптар арасында «Әй, жарайсың» сайысы өтті. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Командалар өздерін өлеңмен таныстырып өтіп, үйге берілген тапсырмаларды көрсетті. «Қожанасырдың тойға баруы» және «Жиренше мен хан» деген көріністерді қойды. Сонымен қатар оқушылардың мергендігі байқалды, олар «Алтын сақа» ойынын ойнады. Ең мерген команда – 6 «Б» командасы, олар қанжығасына 4 сақаны алды. «Өнерлі өрге жүзер» атты кезеңде 6-шы сынып оқушылары қазақтың биін билеп, әнін айтты. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты бәйге кезеңінде капитан командалары сайысқа түсті. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 6 «б» сынып оқушылары – «Жас Ұлан» командасы жеңді. Сайысқа түскен бүкіл оқушылар жақсы дайындықпен келген, білімдері, тапқырлықтары жақсы байқалды. Сайысты ұйымдастырғандар – Мықтыбаева Н.Д., Жексенова А.Б.
Наурыздың 15 күні қазақ тілінің жұмыс жоспарына сәйкес 6-шы сыныптар арасында «Әй, жарайсың» сайысы өтті.